Академиялық ұтқырлық - ЖОО арасында ынтымақтастықты дамытудың негізгі бағыты

Ғылым мен техниканың дамыған уақытында факультет пен кафедралардың алыс және жақын шетел жоғары оқу орындарымен, ғылыми ұйымдарымен тұрақты ғылыми байланыстар орнату сонымен қатар, ішкі академиялық ұтқырлықты дамыту басты маңызға ие. Өз кезегінде «Гигиена және эпидемиология» кафедрасында оқу жылы барысында ішкі академиялық ұтқырлықты жетілдіру мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда.
2021 жылдың 1-нен 15-ші қазаны аралығында ішкі академиялық ұтқырлықты іске асыруда «ОҚМА» АҚ «Гигиена және эпидемиология» кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к., доцент м.а. Утепов Пархат Дусембаевич «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының бірінші және екінші курс студенттеріне «Жалпы гигиена» пәнінен дәріс және тәжірибелік сабақтарын жүргізді.

Дәрістер мен тәжірибелік сабақтар 01.-08.10.2021 ж аралығында Zoom платформасында «Online», 15 қазанда университет кафедрасына баруымен «Offline» форматта өткізілді.
Дәріске қатысқан студенттер «академия мен университет арасындағы академиялық ұтқырлық бағдарламасы олар үшін білім алудың тамаша мүмкіндігі болғандығын, таныс болып көрінетін нәрселерге, екінші жағынан қарап, білімдерін кеңейтуге мүмкіндік, тек кәсіби өсіп қана қоймай, эмоционалды түрде шабыт алғандықтарын» ерекше атап өтті.
Ішкі академиялық ұтқырлықтың өтілуіне «ҚМУ» КеАҚ «Қоғамдық денсаулық және Биомедицина» мектебінің білім беру бағдарламасының жетекшісі, м.ғ.к., профессор Жакенова Сәуле Рахимжановна Пархат Дусембаевичке жоғары баға беріп, университет атынан өз алғысын білдірді. Сонымен қатар, кафедралардың ішкі академиялық ұтқырлықтарын ары қарай жетілдіру үшін келіссөздер жасалынды.
Алдағы уақытта білім берудің сапасы мен тиімділігін жоғарылату мақсатында академияның «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 4 курс студенттеріне «ҚМУ» КеАҚ «Жалпы гигиена» кафедрасының базасында «Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау» пәнінен 12 күнтізбелік оқу бағдарламасын барып, өтілуіне келісім жасалды.
Академия мен университет арасындағы ғылыми-педагогикалық байланыс – білім алушылар үшін тамаша мүмкіндік. Мұндай бағдарламалар ашық білім беру кеңістігін ары қарай дамыту жолында және цифрлық дәуір ұрпақтарының қалыптасуына ерекше септігін тигізері анық.

21.10.2021, 19:28
425 қаралым