АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ РЕТІНДЕ

Академиялық ұтқырлық халықаралық стандарттарға сәйкес қазақстандық жоғары білімнің сапасын қамтамасыз етеді және оның бәсекеге қабілеттілігін арттырады.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 13.02.2023 - 24.02.2023 аралығында дәрілер технологиясы кафедрасының меңгерушісі, фармация ғылымдарының докторы, профессор Сағындықова Б.А. —ВолгММУ филиалы Пятигорск медициналық-фармацевтикалық институтында іс-сапарда.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында ПМФИ-на іс-сапары барысында Баян Ахметовна фармацевтикалық технология кафедрасында "Фармация" мамандығының 5 курс студенттеріне арналған медициналық биотехнология курсымен "Дәрілер технологиясы" пәні бойынша бірқатар дәрістер мен практикалық сабақтар өткізіп жатыр.
Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы мен Пятигорск медициналық-фармацевтикалық институты арасындағы ынтымақтастық туралы шартқа 2022 жылғы маусымда қол қойылды.

22.02.2023, 15:09
557 қаралым