Академиялық ұтқырлық кезіндегі серіктес жоғары оқу орындарының профессорларының ректормен кездесуі

ОҚМА ректоры, профессор М. Рысбековпен Пятигорск медициналық-фармацевтикалық институтының ғылыми жұмыстар бойынша директор орынбасары, фармакогнозия, ботаника және фитопрепараттар технологиясы кафедрасының меңгерушісі, фарм.ғ.д., профессор Коновалов Дмитрий Алексеевичтің (Пятигорск, Рессей) және Ташкент фармацевтика институтының фармакогнозия кафедрасының меңгерушісі, х.ғ.д., доцент Фарманова Нодира Тахировнамен (Ташкент, Өзбекістан) кездесу өтті.

«Шетелдік ғалымды шақыру» бағдарламасы аясында академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру мақсатында оқытушылық қызметке шетелдік мамандарды тарту жұмыстарын жүргізуде профессор-оқытушылар құрамы – фармацевтика ғылымдарының докторы, профессор Коновалов Д.А. 28.11.2022 – 09.12.2022 және химия ғылымдарының докторы, доцент Фарманова Н.Т. 05.12.2022 және 09.12.2022 аралығында сабақ өтті.

Кездесу барысында ғылыми-зерттеу жұмысы, оқытушылардың академиялық ұтқырлығы, профессорлық-оқытушылық құрам мен студенттердің академиялық ұтқырлығын жүзеге асыру жөніндегі іс-шараларды үйлестіру, студенттердің білім беру ұйымдарында тағылымдамадан өтуін қамтамасыз ету, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстары саласындағы серіктес ЖОО-дың одан әрі ынтымақтастығы мәселелері қаралды. бірлескен ғылыми жобалар мен бірлескен білім беру бағдарламалары талқыланды.

12.12.2022, 10:20
419 қаралым