Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында өткізілген сабақтар туралы есеп

Академиялық ұтқырлық шеңберінде "Әлеуметтік медициналық сақтандыру және қоғамдық денсаулық" кафедрасында "Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы" АҚ 2021 жылдың 17-25 қараша аралығында Қарағанды медициналық университетінің "Қоғамдық денсаулық сақтау" білім беру бағдарламасының 4 курс студенттері үшін "міндетті медициналық сақтандыру қағидаттары" пәні бойынша цикл ұйымдастырылды және өткізілді.
B-ҚДСҚ-03-18 тобының студенттеріне арналған дәрістер ZOOM бағдарламасында онлайн форматта өтті, дәріскер – м.ғ. к., кафедра доцентінің м. а. Бейсембаева З.И. Кафедрада практикалық сабақтар мен СОӨЖ оффлайн форматта ұйымдастырылды. Сабақтарды Серікбай С.С. және. Несіпбаева З.Ж жүргізді.
Сабақ барысында студенттер ҚР 16.11.2015 ж. №405 "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Заңымен, 24.06.2021 ж. өзгерістерімен және толықтыруларымен, ММС қорына аударымдар мен жарналардың мәселелік сұрақтарымен танысты.
"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қызметтері пакеті" тақырыбын талқылау барысында студент Мадиярова Асылым интерактивті, зияткерлік ойын әдісімен топ студенттерінің білімін кері байланыс ретінде тексерді. Медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің түрлері презентацияда ашылып, пікірталас кезінде студент Мутан Азаматтың covid-19 пандемиясы кезінде медициналық көмек ұйымдастыруға және көрсетуге байланысты жағдайлық тапсырмалар мысалында қарастырылды.
Оқу барысында студенттер талқылауға белсенді қатысып, рефлексивті кері байланыс ұсынды, барлық сабақтарда кәсіби білім мен практикалық дағдыларды кеңейту мүмкіндігі ерекше қызығушылық тудырды. Оқу аяқталғаннан кейін емтиханды сәтті тапсырды.

29.11.2021, 23:45
412 қаралым