Академиялық ұтқырлық бағдарламасы

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы негізінде Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының қызметкерлері: медицина ғылымдарының кандидаты, доцент м.а., кафедра меңгерушісі Садыкова Г.С. ассистенттер: Корганбаева Х.Т., Рысбекова Г.А., Батхиева М.Б. Ташкент қаласындағы «Ташкент медицина академиясына» іссапармен барып қайтты. «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ мен «Ташкент медицина академиясы» арасындағы бірлескен меморандум аясында 13.12.2021ж – 20.12.2021ж күндері аралығында арнайы тәжірибелік іссапар ұйымдастырылды. Іссапар барысында 3-курс студенттеріне оффлайн режимде өзекті дәрістер мен тәжірибелік сабақтар өткізіліп, оқу бағдарламасымен, тәжірибелік дағдылар орталығымен танысып, оқытушылар өзара тәжірибе алмасып, ой-пікірлерімен бөлісті.
«Емдеу ісі» мамандығы 3-курс студенттеріне Ішкі аурулар пропедевтикасы пәні бойынша оқытушылар арнайы дәрістер оқыды. Дәрістер мен тәжірибелік сабақтар барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, белсенділік танытты.
Іс-шараның соңында «Ташкент медицина академиясы» Ішкі аурулар пропедевтикасы оқытушылары мен студенттері алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта оффлайн дәрістер мен тәжірибелік сабақтарды жиі өткізіп, өзара білім мен тәжірибе алмасуға тілектерін білдірді.

23.12.2021, 19:02
429 қаралым