Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің доценті А.А.Айтманбетованың ОҚМФА-ның ҚДС-1 кафедрасына іс-сапары

03.11.-14.11.2014 ж. аралығында оқытушылардың академиялық ұтқырлық шеңберінде Шымкент қаласының ОҚМФА ҚДС-1 кафедрасында Каз ҰМУ-нің ҚДС кафедрасы доценті А.А.Айтманбетова іс-сапармен болды. Осы іс-сапардың негізгі мақсаты ҚДС мамандығының студенттеріне дәріс оқу және тәжірибелік сабақтарды өткізу саясаты, түрлерімен танысу және оқытудың инновациялық әдістерін енгізу мәселелерін талқылау.
Тәжірибемен алмасу барысында екі кафедрада да, аудиторлық сабақ пен дәріс оқу әдістемелерінің оң жақтары аңықталды, және болашақтағы әріптестік мүмкіндіктері анықталды.
Іс-сапардың соңында А.А.Айтманбетова Каз ҰМУ-нің әкімшілігіне жүргізілген жұмыс жайлы есеп берді. Өткізілген визитинг нәтижесінде ЖОО арасындағы әріптестікті жалғастыру жайлы шешім қабылданды.
 
10.03.2015, 06:15
697 қаралым