Академиялық ұтқырлық аясында
Фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасында 2017жылдың 25 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Қарағанды Мемлекеттік Медицина университетінің жалпы фармакология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Жауғашева Сабира Кеделовна студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрам үшін, академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында дәрістер мен тәжірибелік сабақтар өткізілді.
3-курс «Фармация» мамандығы студенттеріне «Психотропты препараттар» «Антибактериалды антибиотиктер», «Саңырауқұлақтарға қарсы дәрілер», «Фторхинолондар», 5-курс студенттеріне «Фармакокинетика» тақырыптары бойынша дәрістер оқылды.
3-5 курс студенттері мен профессорлық-оқытушылық құрам үшін, антибактериалды антибиотиктерді тиімді қиыстыру, жанама әсерлерінің алдын-алу және заманауи медицинаның ең басты өзекті мәселелерінің бірі – антибиотикке төзімділіктің алдын-алу туралы дәрістер оқылды.