АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ ҚАЛАЛАР МЕН ЕЛДЕРДІҢ УНИВЕРСИТЕТТЕРІН БАЙЛАНЫСТЫРАДЫ

 

614 3 3

Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің студенттері

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы 2015-2016 оқу жылын Болон үрдісінің қағидаттарын дамыту және Қазақстандық жоғары оқу орындарымен тығыз қарым-қатынас орнату мақсатында, өзара студенттермен ауысу арқылы, академиялық ұтқырлықты арттыру үшін ішкі ұтқырлықтан бастады. Меморандумдар негізінде «Фармация», «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Мейірбике ісі», «Дәрігерлік емдеу ісі»  мамандықтарының 45 студенттің өтініші бойынша  бір академиялық жылға Қазақстандық жетекші медицина университеттеріне  оқуға жіберілді. Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде - 26 студент, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетіне - 7 студент, Қазақстан-Ресей медицина университетінде - 6 студент, Астана медицина университетінде - 5 студент, М.Оспанов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік медицина университетінде - 1 студент жіберілді. 

614 4 4

Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің студенттері 

Серіктес жоғары оқу орындарынан «Фармация», «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Дәрігерлік емдеу ісі»  мамандықтарының 36 студенті бізге бір академиялық жылына оқуға келді. Қарағанды мемлекеттік медицина университетінен - 29 студент, Қазақстан-Ресей медицина университетінен - 5 студент, сонымен қатар С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті және Астана медицина университеттерінен бір-бір студенттен келді. Оқуға келген студенттер толығымен жатақханамен қамтамасыз етіліп, оқу үдерісіне еніп, академияның студенттік өміріне қызыға қатысуда.

614 5 5

Қазақстан-Рессей медицина университетінің студенттері

 

Халықаралық ынтымақтастық
және академиялық ұтқырлық секторының
меңгерушісі Ж.Қ.Адилова.
08.10.2015, 23:44
710 қаралым