«Академиялық ұтқырлық»

2015 жылдың 21 ақпан күні сағат 11:00-де кіші мәжіліс залында тәрбие ісі бөлімі, студенттік кәсіподақ ұйымы және студенттік декандардың ұйымдастыруымен ОҚМФА-на 2014-2015оқу жылының ІІ жарты жылдығында «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы аясында шет елден, Башқұртстан Мемлекеттік Медицина Университетінен және еліміздің басқа медициналық ЖОО-нан келген студенттерді академияның ашылу тарихы мен қазіргі таңға дейінгі жетістіктерімен және академияның белсенді студенттерінің өмірімен таныстыру мақсатында кездесу өткізілді.

Кездесу барысында Фармакогнозия және химия кафедрасының дәрілік өсімдіктер ғылыми-зерттеу зертханасының жұмысымен, оқу клиникалық-симуляциялық орталығы және клиникалық-диагностикалық зертханасына барып, танысып тамашалады. Іс-шара кофе-брейкке жалғасты.

 

24.02.2015, 17:37
555 қаралым