Академиядағы «Көрісу» күні

1661 1

2021 жылдың 17 наурыз күні сағат 09.00-де ОҚМА кіші мәжіліс залында «Нұр Отан» партиясы мүшелерімен ОҚМА басшылығы, кафедра меңгерушілері, бөлім басшылары «Нұр Отан» партиясы Шымкент қаласы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Бектаевамен кездесті. ОҚМА ректоры М.Рысбеков «Ардагерлерді ардақтайық!» тақырыбында презентация жасап, академияда жасалып жатқан жұмыстарды атап өтті.

1661 2

1661 3

1661 4

Сағат 10.00-де Ж.Бектаева ОҚМА №2 кіші мәжіліс залында жетістікке жеткен студенттермен кездесті. ОҚМА ректоры М.Рысбеков пен модератор Жастар саясаты бөлімінің меңгерушісі Н.Ахметов қатысушылар мен қонақтарды таныстырып, кездесудің мақсатын айтты.

1661 5 2

1661 6 2

Алғашқы сөз кезегін алған Ж.Бектаева қала көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар жайында айтып өтіп, алдағы жоспарлармен бөлісті. Қазіргі кездегі жастар үшін жасалып жатқан жағдайлар мен мүмкіндіктер аясында сөз қозғады. Студенттер ойында жүрген түйіткілді мәселелерді қойып, ойларымен бөлісті. Атап айтқанда, жолақысы, баспанаға қол жеткізу, шәкіртақы т.б.

1661 7

Аталған шара мұнымен біткен жоқ. Дәл осы күні оқу орнымыздың ректорымен жақында ғана қайта сайланған «Болашақ» АЖО мүшелері кездесіп, танысу жиыны өткізілді.Биылғы жылдың ерекшелігі Студенттік үкіметтің құрылғандығы.

1661 8

«Ұлыстың ұлы күні - Наурыз» қарсаңында өткен бұл кездесуді үкімет мүшелері мен белсенді жастар үлкен қуанышпен қабылдады.

17.03.2021, 22:11
419 қаралым