Академияда "Адалдық сағаты" тақырыбында кездесу өтті

2023 жылдың 01 қараша күні Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен «Лудоманияның зияндығын насихаттау», «Нашақорлыққа қарсы күрес», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимылдағы жастардың ролі» және «Деструктивті діни ағымдардың ықпалының алдын алу» тақырыбында студенттерге арналған ауқымды кездесу адалдық сағаты өткізілді.
Аталған шараны модератор, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының комплаенс офицері Пернебаев Нұрғали Алиханұлы жүргізіп, шақырылған қонақтарды таныстырды. Кездесуге Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының» алдын алу бөлімінің мұғалімі Жургенбаева Назира, Шымкент қаласы Психикалық денсаулық сақтау орталығының нарколог дәрігері Ермаханова Перизат, Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Дәулетұлы Көбей және жастар саясаты бөлім қызметкерлері мен студенттер қатысты.
Іс-шараның мақсаты – жастар арасындағы ең өзекті тақырыптардың бірі лудомания және есірткіге тәуелділік, жемқорлық мәселесі бойынша жастарға кеңінен ақпарат беріп, тұлғалық өзін-өзі дамытуға, патриотизмге, жастарды еңбекке спортқа баулу.

02.11.2023, 16:52
417 қаралым