Академия қабырғасында ОҚМА-дағы Жазғы Ғылым мектебі жұмысын бастады

19 маусымда ОҚМА-дағы Жазғы ғылым мектебінің бірінші күні өтті. Мектептің ашылу салтанатын Академия ректоры М.М. Рысбеков өткізді. Жазғы мектеп бағдарламасымен таныстыруды және қорытынды тапсырманы таратуды ҒКЖДжМ Басқармасының басшысы А. А. Жақсылық пен Жобаларды басқару және коммерцияландыру офисінің меңгерушісі Д. С. Бекарысова жүргізді. Бірінші күн барысында келесі спикерлер: м. ғ. к., профессор, бірінші проректор М. М. Есіркепов; ҚБТ бөлімінің басшысы Ш. А. Халметова; PhD, Clarivate компаниясының Қазақстандағы және Орталық Азия елдеріндегі өкілі И. Е. Кенжина; Жобаларды басқару және коммерцияландыру офисінің коммерцияландыру жөніндегі менеджері М. Ж. Шертай өз тақырыптарын баяндады. Іс-шараға академия қызметкерлері, докторанттар, магистранттар мен студенттер белсенді қатысты.

20.06.2023, 17:20
398 қаралым