Академия докторанты трэвел грант арқылы Германияда болған оқыту семинарына қатысты

"Медицина"білім беру бағдарламасы докторанты Бекарысова Дана Сапарғалиқызы, 2023 жылы 21-22 қазан күндері аралығында Берлин қаласындағы MOA Berlin конференц-залында өткен "Joint 5th EULAR Teaching and Learning Seminar and 1st EMEUNET Soft Skills LIVE Course" семинарына қатысты. Семинар екі беделді еуропалық ұйымның EULAR (ревматологтар қауымдастығының Еуропалық Альянсы) және EMEUNET (жас ревматологтардың кеңейтілген желісі) бірлескен күшімен ұйымдастырылды. Д. С. Бекарысова ғылыми кеңесшісі Есиркепов Марлен Махмудұлының жетекшілігімен орындалған диссертациялық жұмыстың нәтижелерін ұсынып, осы семинарға қатысуға арналған трэвел-гранттардың бірін жеңіп алды. Семинарда Кристофер Эдвардс (Ұлыбритания), Кэтрин Хейнс (Ұлыбритания), Эрик Хачулла (Франция), Ксенофон Баралиакос (Германия), Сильвия Пьантони (Италия), Симон Редник (Румыния) және т.б. елдердің ревматологиялық қауымдастығының өкілдері қатысты және баяндамалар жасады. Іс-шара қорытындысы бойынша Д. С. Бекарысоваға семинарға қатысқаны туралы сертификат табысталды.

30.10.2023, 12:15
395 қаралым