Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры «Академик Ш. Есенов атындағы шәкіртақы - 2020» бағдарламасына қатысуға шақырады.

1493 9

Шәкіртақылық бағдарламаның мақсаты - еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының бакалавриат, магистратура және интернатураның үздік студенттерін қолдау және оларда қазіргі қоғам талап еткен құзыреттілікті дамыту арқылы Қазақстан Республикасында ғылымды дамытуға жәрдемдесу болып табылады.

Шәкіртақылық бағдарламаға байқау сегізінші рет өткізіліп отыр. 2016 жылдан бастап бағдарлама республикалық болды, 2019 жылдан бастап оның аясында 25 шәкіртақы бөлінді.

Академик Ш. Есенов атындағы шәкіртақыға өтінімдерді қабылдау 2020 жылдың 20 қаңтары мен 20 ақпаны аралығында жүзеге асырылады. Ай сайынғы шәкіртақы мөлшері 27 000 теңгені құрайды, ол 12 ай ішінде төленеді. Байқауға қатысушылар - қазақстандық жоғары оқу орындарында техникалық, инжинирингтік, IT және медициналық мамандықтар бойынша оқитын бакалавриат студенттері (бірінші және соңғы курстан басқа), 1 курс магистратура және интернатура студенттері. Бағдарламаның шарттары - шәкіртақылық байқау туралы ережеде көрсетілген.

27.01.2020, 04:46
219 қаралым