Академияда биостатистика бойынша семинар өтті
Жобаларды басқару және коммерцияландыру офисi 16 ақпанда "ОҚМА" АҚ бас ғимаратында өткен "Жас ғалымның мансабындағы биостатистика" атты семинар ұйымдастырды. Іс - шара м.ғ.к., профессор, ОҚМА бірінші проректоры – Есиркепов Марлен Махмудовичтің құттықтау сөзімен басталды. Семинар бағдарламасын жобаларды басқару және коммерцияландыру офисінің меңгерушісі Бекарысова Дана Сапарғалиқызы таныстырды. Семинарда келесі спикерлер сөз сөйледі: Гаспарян Армен Юрьевич, PhD, Бирмингем университетінің зерттеу және даму бөлімінің қауым. профессоры, Дадли, Ұлыбритания; Абдикадыр Жанат Нысанбековна, "Биостатистика, биоинформатика және ақпараттық технологиялар" кафедрасының меңгерушісі, "Астана медицина университеті" КЕАҚ, Астана қ.; Иванова Марина Борисовна, ф.-м.ғ.к., қауым. профессор, "Медбиофизика және ақпараттық технологиялар" кафедрасының меңгерушісі, "Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы" АҚ, Шымкент қаласы. Іс-шара барысында зерттеуді іріктеу, SPSS бағдарламасын пайдалану мысалында деректерді статистикалық талдау, медициналық деректерді графикалық ұсыну және т. б. сияқты өзекті тақырыптар қамтылды. Семинар сұрақ-жауап сессиясымен аяқталды.