Академия студенттері «Әндіжан-2025» халықаралық олимпиадасынан жеңіспен оралды
Ағымдағы жылдың 9 сәуірінде Әндіжан мемлекеттік медицина институтында медициналық жоғары оқу орындары студенттері арасында «Әндіжан-2025» бірінші халықаралық олимпиадасы өтті.
Бұл іс-шараға әлемнің 20-дан астам жетекші медициналық университеттерінің офлайн форматта 260-тан астам студенті қатысты. Біздің университетімізді төртінші курста оқитын бес студенттен тұратын команда көрсетті. Олар өздерінің тамаша нәтижелерімен көзге түсті. Барлық қатысушылар жоғары дайындық пен кәсіби шеберлік танытып, жүлделі орындарға ие болды.
Сапар барысында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы мен Әндіжан мемлекеттік медицина институты арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, бұл халықаралық академиялық байланысты нығайту жолындағы маңызды қадам болды. Құжатқа қол қою екі университет арасындағы бірлескен білім беру бағдарламаларын, ғылыми жобаларды жүзеге асыруға, студенттер мен оқытушылар алмасуға бағытталған өзара іс-қимылдың жаңа кезеңінің басталуын білдіреді. Бұл меморандум өзара сыйластыққа, кәсібилікке және медицина ғылымы мен білімін дамытуға деген ұмтылысқа негізделген ұзақ мерзімді және жемісті қарым-қатынастарға негіз болады деп шын жүректен үміттенеміз.
Олимпиада аясында Бекмурзаева Элмира Куанышевна Әндіжан мемлекеттік медицина институтына шақырылған профессор ретінде «Ішкі аурулар пропедевтикасы» және «Факультеттік терапия» кафедраларында дәрістер топтамасын оқыды.
Орайы келгенде жеңімпаздарымыздың аты-жөнін атай кетейік.
• Рустамжанов Сардорбек Тахиржанович, «Педиатрия» мамандығының 4 курс студенті – «Ішкі аурулар» пәні бойынша І орын. Ғылыми жетекшісі: м.ғ.д., профессор Бекмурзаева Эльмира Қуанышевна.
• Мусаева Сарвиноз Октамовна «Жалпы медицина» мамандығының 4 курс студенті – «Хирургиялық аурулар» пәні бойынша І орын. Ғылыми жетекшісі: м.ғ.д., профессор Абдурахманов Бабур Анварович.
• Саидов Анвар Хавазматович, «Стоматология» мамандығының 4 курс студенті – «Хирургиялық стоматология және жақ-бет хирургиясы» пәні бойынша ІІ орын. Ғылыми жетекшісі: м.ғ.д. Шукпаров Асылбек Баядилович.
• Алканбаева Дильноза Бахтиқызы «Стоматология» мамандығының 4 курс студенті – «Қалпына келтіретін стоматология» пәні бойынша ІІІ орын. Ғылыми жетекшісі: м.ғ.д. Шукпаров Асылбек Баядилович.
• Сабурова Саида Алишеровна, «Педиатрия» мамандығының 4 курс студенті – ғылыми конференцияда «Педиатрия» секциясында «Жаңа туған нәрестедегі туа біткен гиперинсулинизмнің клиникалық жағдайы» тақырыбындағы жұмысымен ІІІ орын. Ғылыми жетекшісі: PhD, доцент Кемелбеков Қанатжан Сауханбекович.
Академия студенттері жоғары ынта, табандылық және тамаша кәсіби дайындық көрсетті. Олар университетімізді абыроймен таныстырып, лайықты марапатқа ие болды. Біз олардың жетістіктерін мақтан тұтамыз және оларға ғылыми және кәсіби қызметінде одан әрі табыстар тілейміз.
АГМИ ректоры Мадамимов Мадамин Муминовичтің, халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Расулов Фаррухбек Бахтиерұлының және ғылым жөніндегі проректор Салахиддинов Камолиддин Зухриддинұлының ақжарқын, қонақжайлылығын, ашықтығын ерекше атап өткіміз келеді.
