Академия қызметкерлері Шымкент қаласының "Психикалық Денсаулық Орталығы" үшін семинар өткізді

19 сәуірде Қазақстандық ғылым күніне арналған апта шеңберінде әзірленген "Психиатрия мен наркологиядағы ғылыми зерттеулерге заманауи тәсілдер: мақала жазудан жасанды интеллектті пайдалануға дейін" семинары өтті. Семинар тәжірибелік денсаулық сақтау мамандарына бағытталған және Шымкент қаласының "Психикалық Денсаулық Орталығында" өткізілді.

Іс-шара "ПДО" бас дәрігерінің емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары Ержан Уәлиханұлы Ережеповтың құттықтау сөзімен басталды, онда ол практика мен ғылымды интеграциялаудың маңыздылығын атап өтіп, Академия қызметкерлеріне аталған семинарды ұйымдастырғаны үшін алғыс айтты. Бұдан әрі семинар модераторы: Жақсылық Әлихан Алтынханұлы, Шымкент қаласындағы "ПДО" ұйымдастыру-әдістемелік жұмысы бойынша бас дәрігердің орынбасары сөз сөйледі.
Осыдан кейін сөз семинар спикерлеріне берілді:
Бекарысова Дана Сапарғалықызына (PhD докторы, жобаларды басқару және коммерцияландыру офисінің меңгерушісі), Ходжакулова Умида Абдывалиевнаға (PhD кандидаты, "Шұғыл медицина және мейіргер ісі" кафедрасының ассистенті), Әуезханқызы Данаға (PhD кандидаты, "Шұғыл медицина және мейіргер ici" кафедрасының ассистенті), Мұхамедияров Майдан Нағашыбаевичке (PhD кандидат, докторантура және магистратура секторының меңгерушісі).
Спикерлер өз баяндамаларында ғылыми мақалалар жазуға және ғылыми зерттеулер жүргізуге қатысты соңғы өзекті ақпаратты қамтыды.
Семинар сұрақ-жауап сессиясымен аяқталды.

22.04.2024, 11:25
171 қаралым