Аймақтық чемпионат WorldSkills
26.10-29.10.2020 ж. күндер аралығында Шымкент қаласының білім беру басқармасының бұйрығымен 41-ші біліктілік «Медициналық және әлеуметтік күтім» бойынша WorldSkills аймақтық чемпионаты өтті. WorldSkills аймақтық чемпионаты Шымкент қаласының медициналық колледждердегі студенттер арасында, мейіргерлердің біліктілігін арттыру мақсатында өткізілді.
«Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы» АҚ жанындағы медициналық колледжінің атынан 4 курс мейіргер ісі қолданбалы бакалавр студенті Бақберген Маржан қатысты. Студентті кафедра оқытушысы Телешова Г.Ж., Қазақстан-Финдық екі дипломдық магистрі дайындап, чемпионатта эксперттер қатарына қосылды.
Жеңімпаздарды әр модульда тәжірбиелік дағдылары бойынша алған жалпы баллдарына қарай бекітілді. Бақберген Маржан екінші орынды иеленіп күміс жүлдені алды.
