«Әділетті Қазақстан – адал азамат» тақырыбында эссе жазу байқауы
2024 жылдың 1 наурыз күні қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасы мен Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен 1 наурыз - Алғыс айту күні мерекесіне орай «Әділетті Қазақстан – адал азамат» тақырыбы аясында эссе жазу байқауы өткізілді.
Байқаудың қорытынды кешінің алғы сөзін Әлеуметтік мәселелер және жастар саясат басқармасының басшысы Е.Қ.Сәлім ашып берді. Қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының доцент м.а. А.Н.Қасымбекова «Алғыс айту – парызым!» тақырыбында және ф.ғ.к., доценті м.а. Г.Қ.Темірбекова «Әділетті Қазақстан» мен «Адал азамат» ұғымдары – ерекше құндылығымыз тақырыбында баяндамаларын тыңдаушыларымен бөлісті.
Байқауға 1 курс барлық мамандықтардан 70-тен аса үміткер қатысып, білімдерін сынады. Байқау қорытындысы бойынша жүзден жүйрік болып, әділ қазылардың шешімімен:
І орын Бақтиярова Балнұр Жомартқызы ВМ-МА-01-23 тобы;
ІІ орын Кененбай Мәдина Хайратбекқызы ВМ-СОА-05-23 тобы;
ІІІ орын Мырзахмет Анеля Бауыржанқызы ВМ-СОА-05-23 тобының білім алушылары иеленді. Арнайы алғыс хаттармен Ибракимқызы Жанел, Абдазова Тахмина Дониёркызы, Мейрбекова Томирис Нургалиқызы, Таубұзар Ақерке Берікқызы, Халил Қарақат Ермекқызы марапатталды.
Ұлы Абай «Адал еңбекпен мал іздемек – арлы адамның ісі» деген. Ал арлы адам әділетсіздік жасамайды. Әр салада адалдық басты орында тұрса, әділ қоғам орнайды. Бір сөзбен айтсақ, қоғамдағы ізгіліктің бәрі адалдықтан бастау алады. Ендеше, Әділетті Қазақстан және Адал азамат ұғымдары ел тірегі болатын егіз құндылық ретінде әрдайым қатар тұруға тиіс