«Адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцинациялау мәселесі» тақырыбында кафедрааралық семинар
ОҚМА «Гигиена және эпидемиология» кафедрасының доцент міндетін атқарушысы С.У.Ескерованың жетекшілігімен 10.12.2024ж. «Адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцинациялау мәселесі» тақырыбында кафедрааралық семинар өткізілді. Семинарға Шымкент қаласы Тұран аудандық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы эпидемиологиялық бөлімінің басшысы Мусаева А.Б. және №1қалалық емхананың дәрігер-эпидемиологы Жантеев Б.Е., сондай-ақ «Гигиена және эпидемиология», «Жұқпалы аурулар және дерматовенерология», «Микробиология, вирусология және иммунология» кафедраларының профессор-оқытушылық құрамы мен 3, 4 курс және интернатура білім алушылары қатысты. Семинар барысында Эпидемиологиялық бөлімінің басшысы Мусаева А.Б. «АПВ қарсы вакцинацияны жүргізуді санитариялық-эпидемиологиялық бақылау» тақырыбында баяндама жасап, қатысушыларға 11,12 және 13 жастағы қыздарға АПВ қарсы екпе салудың іске асырылуын, оның маңызын, халық арасында түсіндірме жұмыстарының жүргізілу барысы туралы, ал №1 қалалық емхананың дәрігер-эпидемиологы Жантеев Б.Е. «Емханада АПВ қарсы вакцинацияны жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» тақырыбында АПВ қарсы иммундаудың халықаралық және отандық тәжірибелерін салыстыра отырып айтты, сонымен қатар, эпидемиолог-мамандар оқытушылар мен білім алушылардың қойған сұрақтарына жауап берді. Адам папилломасы вирусының биологиясы және оның жұғу жолдары туралы «Микробиология, вирусология және иммунология» кафедрасының аға оқытушысы Полатбекова Ш.Т., АПВ клиникасы, диагностикасы және емдеуі туралы ІЖТДК-09-24 тобының дәрігер-интерні Турашбекова А., АПВ эпидемиологиясы туралы ВМ-МҚА-07-22 тобының білім алушысы Меймахан Ж., халық арасында АПВ таралуының алдын алу бойынша доцент м.а. Ескерова С.У., АПВ қарсы иммундау жөнінде доцент м.а. Утепов П.Д. баяндамалар жасады, сонымен қатар Қазақстанда 11,12,13 жастағы қыздарға АПВ қарсы екпе салу туралы бейне материал көрсетілді. Семинарды өткізудің мақсаты АПВ инфекциясынан халықты қорғау және епкенің маңыздылығын түсіндіру болып табылады.
Семинар соңында баяндамашыларға академия атынан қатысу сертификаттары мен Алғыс хаттар табысталды.