Адам Мицкевич атындағы университетінің профессоры академияда қонақта

Адам Мицкевич атындағы университетінін профессоры Dr.hab Эва Сжука, (ғылыми зерттеу саласы: бактериялық патогенділік механизмдері, антибиотиктерге төзімділік, клондық талдау, тері микробиотасы. Экологиялық зерттеулер-судың сапасы) және 3 курс докторанттары Зофия Войчеховска және Александра Проха АҚ ОҚМА-ға ғылыми сапармен келді.
Алдымен, АҚ ОҚМА ректоры М.М Рысбековпен кездесіп, өздерінің ғылыми бағыттары туралы айтты, кейінен ОҚМА микробиология кафедрасында болып, кафедраның жетістіктері мен ғылыми бағыттарымен танысып, Dr.hab Эва Сжука өзінің ғылыми бағыттарымен таныстырып шықты, екі кафедра арасында меморандумға қол-қойылу мәселесін талқылады. Алдағы уақытта ғылыми бағытта жұмыс істеу жоспарлануда.

11.05.2024, 15:24
687 қаралым