«Адалдық ардың ісі» тақырыбындағы тәрбие сағат
9 желтоқсан Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа күрес күніне орай: «Адалдық ардың ісі» тақырыбында «Әлеуметтік- гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Бұрхан Е.Ж. желтоқсан айының 5-і күні ФӨТҚАБ-02-23 тобымен білім алушыларға сыбайлас жемқорлық ұғымын түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру, өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту, өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту мақсатында тәрбие сағатын өткізді.
Республикамызда сыбайлас жемқорлықты реттейтін бірқатар нормативтік құқықтық актілер қабылданған жайында (ҚР 37 мемлекет қабылдаған конвенцияға қосыла отырып, 1998 жылы 2 шілдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң қабылдады. Қазақстанда сондай-ақ сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік –құқықтық актілерде қабылданды оларға «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдары жатады), оның ішінде университет қабырғасындағы білім алушыларға қатысты бабтар бойынша да ақпараттар айтылды.
Тәрбие сағаты соңында білім алушылар өздерінің сауалдарын қойып, қажетті ақпараттарын алды.