«Абу али ибн Сино және қазіргі заманғы фармацевтикадағы инновациялар» VII Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы
18 нaурыз күні Өзбекстaн Республикaсының Денсaулық сақтау министрлігі қолдауымен Ташкент фармацевтикалық институты ұйымдастырған «Абу али ибн Сино және қазіргі заманғы фармацевтикадағы инновациялар» VII Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Конференция әртүрлі елдердің жоғарғы оқу орындарының, ғылыми орталықтары мен медициналық ұйымдарының ғылыми қызметкерлері, ғалымдары мен білім алушылары арасында білім, ғылым, тәжірибе алмасуға бағытталған коммуникациялық алаңға айналды.
«Инновациялық дәрілік препараттарды, косметикалық құралдарды және тағамға арналған биологиялық белсенді қоспаларды әзірлеу, олардың сапасын қамтамасыз ету» секциясы бойынша академиямыздың «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» ББ білім алушыларыда қатысып, сертификаттармен табысталды.
1. Әуелбек Шұғыла Қамшыбекқызы – ФӨТҚА-01-20 тобының білім алушысы (ғылыми жетекшісі - фарм.ғ.к., доцент Сапақбай М.М.)
2. Ашурбек Аружан Ахметқызы – ФӨТҚА-03-21 тобының білім алушысы (ғылыми жетекшісі - тех.ғ.маг., аға оқытушы Бақытжанова А.Б.)
3. Өскінбаева Перизат Манасқызы – ФӨТҚА-03-22 тобының білім алушысы (ғылыми жетекшісі - тех.ғ.маг., оқытушы Мүсірепова А.А.)
«Табиғи және синтетикалық қосылыстар негізінде синтезделген препараттарды фармакологиялық зерттеу» секциясы бойынша Альдекова Райхона Алишеровна – В-ФӨТО-07-23 тобының білім алушысы (ғылыми жетекшісі оқытушы Оспанова Г.С.) баяндама жасады.
Конференцияда талқыланған ғылыми зерттеулердің нәтижелері білім алушылар үшін пайдалы болады және ұсынылған ұсынымдар іс жүзінде өз қолданысын табады деген сенімдеміз.