"Әбу Әли Ибн Сино ілімінен үшінші ренессансқа дейін" IV Халықаралық студенттік олимпиада Бухара қаласында өткізілді
26-27 қаңтарда 2024 жылы Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясының студенттері, Өзбекстан Республикасы Бұхара қаласында өткен "Әбу Әли Ибн Сино ілімінен үшінші ренессансқа дейін" IV Халықаралық студенттік олимпиадаға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Олимпиадаға Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь, Тәжікстан және Өзбекстаннан 200-ден астам студент қатысты. Олимпиада аясында студенттер 38 медициналық іргелі және клиникалық бағыттар бойынша өз білімдерін көрсетті. Тыңдаушылар үшін іргелі ғылымдар, ғылыми зерттеу әдістері, заманауи медицинадағы педиатрия мен стоматологияның өзекті мәселелері бойынша шетелдік жетекшілерден және отандық мамандардан 20-ға жуық шеберлік мақалалар тыңдалды.
Байқау сынақтарының қорытындысы бойынша "жалпы медицина" факультетінің студенттері 4 жүлделі орынға, "Фармация" факультетінің студенттері 2 жүлделі орынға, "Стоматология" факультетінің студенттері 4 жүлделі орынға, "Хирургия, онкология және травматология"кафедрасының студенттері 8 жүлделі орынға ие болды.
"Микробиология, вирусология және иммунология" кафедрасының меңгерушісі м.ғ.д., профессор Сейтханова Бибігүл Төлегенқызы қазылар алқасының бірі болды.
Өтеген Нұриза, 6 курс, Балалар стоматологиясы - 1 орын!
Махамбетали Руслан, 5 курс, Жалпы хирургия - 1 орын!
Мадалиев Хасан, 2 курс, Адам анатомиясы - 2 орын!
Рустамжанов Сардор, 3 курс, Микробиология - 2 орын!
Мирзабекова Эльнура, 4 курс, терапевтік стоматология - 2 орын!
Хабибуллаев Шохрух, 4 курс, Патофизиология - 2 орын!
Әмір Ернұр, 5 курс, Травматология - 2 орын!
Медетбек Салтанат, 5 курс, Акушерлік және гинекология - 2 орын!
Есболова Айжамал, 6 курс, хирургиялық стоматология - 2 орын!
Урманов Диербек, 3 курс, ішкі аурулар пропедевтикасы - 3 орын!
Чимкентбаева Рухшона, 2 курс, Биофизика - 3 орын!
Хабибуллаева Диана, 6 курс, Ортопедиялық стоматология - 3 орын!
Амат Уулу Пиримқұл, 3 курс, Фармакология - 3 орын!
Анарбек Нұрлан, 5 курс, Нейрохирургия - 3 орын!
Пернет Айдана, 5 курс, Анестезия және реанимация - 3 орын!
Тұрсынқұл Аружан, 5 курс, Неврология - 3 орын!
Лес Айнур, 5 курс, Ішкі аурулар, эндокринология - 3 орын!
Салхудинова Нұрайлым, 5 курс, Жұқпалы аурулар және эпидемиология - 3 орын!