Абайдың қара сөздері – тәрбиенің қайнар көзі» атты дөңгелек үстел

2024 жылы 18 сәуірде Абай Құнанбайұлының шығармашылығын насихаттау мақсатында қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен «Абайдың қара сөздері – тәрбиенің қайнар көзі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелдің алғысөзін ОҚМА Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының басшысы Е.Қ.Сәлім ашып, Абай Құнанбайұлы ның адамгершілікке баулыған, тәрбиеге негізделген қара сөздері арқылы рухани азық алуға, адамдық сипатта бой түзеуге шақырды. Ақын мұрасы – халықтың сарқылмас асыл қазынасы екенін айтты.

Дөңгелек үстелде 1 курс білім алушылары ВМ-МОА-14-23 тобынан Маратқызы Айдина «Үшінші қара сөзін», Т.Н.Мейрбекова ВМ-СОБ-05-23 тобынан «Жетінші қара сөзін», Ф.Р.Тоимова ВМ-МОА-12-23 тобынан «Он жетінші қара сөзін», Маратұлы Нұрсұлтан ВМ-СОА-05-23 тобынан «Он тоғызыншы қара сөзін» және ВМ-МА-01-23 тобынан А.Е.Исакова «Оныншы қара сөзін», Б.Ж.Бақтиярова «Он бесінші қара сөзін», Ә.Е.Ережеп «Жиырма бірінші сөзін» жатқа айтып, талдап өздерінің түйген ойларымен бөлісті.
Абайдың қара сөздерінің ұр¬пақ тәр¬биесінде алар орны ерекше. Бастан өт¬кер¬ген, өмірден көр¬ген-түйгенін хат¬қа түсірген ақынның қара сөздері адам баласының дұрыс өмір сүру¬¬дегі бағ¬дар¬шамы десек, артық айт¬қандық емес.

19.04.2024, 17:57
318 қаралым