«Абайды оқы, таңырқа» әдеби кеші
8 қараша 2024 жылы ОҚМА-ның кітапханалық – ақпараттық орталығы мен қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының шығармашылығын насихаттау мақсатында «Абайды оқы, таңырқа!» тақырыбында әдеби кеш өткізілді.
Әдеби кештің алғы сөзін қазақ, орыс және латын тілдерінің доцент м.а. Г.К. Темирбекова А.Құнанбайұлының шығармашылығына шолу жасап, өлеңдерінен үзінді оқып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Кітапханалық - ақпараттық орталығының кітапханашысы Ф.Қ.Елемес «Абайдың рухани әлемі» атты көрме ұйымдастырып, қатысушыларға тың деректерімен бөлісіп, кітап оқуға шақырды.
Абай Құнанбайұлының өнер - білім туралы өсиеттерін, өлеңдерін білім алушылардың қазақ поэзиясына деген сүйіспеншілігін арттыру, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу мақсатында 1 курс білім алушылары ақынның «Ғылым таппай мақтанба», «Әсемпаз болма әрнеге», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Білімдіден шыққан сөз» және т.б. өлеңдерің мәнерлеп жатқа оқыды.
Жастар саясаты бөлімінің қызметкері Н.Қ.Чапай біз ұлттық сананы жаңғыртамыз және бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастырамыз десек, Абайдың шығармаларын мұқият оқуымыз керек деп білім алушыларды ақынның еңбектерін ерінбей оқуға шақырды.
Кешке ат салысқан белсенді білім алушыларды оқырманға қызмет көрсету секторының меңгерушісі Ж.К.Балымова алғыс хатпен марапаттады.
Қазақ елі барда Абай есімі асқақтай береді. Оның асыл сөздерін рухани байлығымыз ретінде жоғары ұстасақ, туған еліміздің әлем алдындағы абыройы арта берері сөзсіз.