Абай облысы, Курчатов қаласы жұмыс берушілермен кездесу
2024 жылдың 13-ші наурыз күні АҚ «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының» бас ғимаратының үлкен мәжіліс залында «Интернатура және бітірушілерді жұмысқа орналастыру деканатының» деканы, PhD К.С.Кемельбековтың ұйымдастыруымен және жұмыс беруші ретінде Абай облысы, Курчатов қаласы әкімінің орынбасары Н.Т.Қошқарбаевпен кездесу өткізілді.
Кездесуге 2023-2024 оқу жылының бітіруші түлектері: дәрігер-интерндер және резиденттер қатысты.
Аталған іс-шараны «Интернатура және бітірушілерді жұмысқа орналастыру деканатының» деканы, PhD К.С.Кемельбеков ашып берді.
Ары қарай Абай облысы, Курчатов қаласы әкімінің орынбасары Н.Т.Қошқарбаев баяндама жасады.Өз баяндамасында кәсіпкерлікті дамыту бойынша 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жоба бағдарламасы аясында ерікті түрде қоныс аудару бойынша тоқталып өтті.
«Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Курчатов қалалық ауруханасы» ШЖҚКМК төмендегі мамандар бойынша қажеттілікке бар екенін ұсынды:
1) Кардиолог дәрігері – еңбек ақысы 250 000 тг теңгеден бастап;
2) Анестезиолог – реаниматолог- еңбек ақысы 250 000 тг теңгеден бастап;
3) Тіс дәрігері – еңбек ақысы 250 000 тг теңгеден бастап;
4) Педиатр – еңбек ақысы250 000 тг теңгеден бастап;
5) Терапевт – еңбек ақысы 250 000 тг теңгеден бастап;
6) Невропатолог – еңбек ақысы 250 000 тг теңгеден бастап;
7) Медбикелер – 3 адам, еңбек ақысы 130 000-160 000 тг теңгеден бастап.
Кездесу барысында Абай облысы, Курчатов қаласы бойынша жергілікті әкімшіліктен көтерме ақы беріп, үймен қамтамасыз етілетіндігі, балабақша, мектепке жанұялы жас мамандардың балаларын орналастыруға көмек көрсетілетіндігі және де тапшы мамандықтар бойынша резидентураға оқыту мүмкіндіктері бар екенін айтылды. Сонымен қатар, жас ерекшеліктеріне қарамай мамандарды жұмысқа тарту бойынша үгіт насихаттар айтылды. Бітіруші түлектер сұрақтарын қойып, жауаптар алынды. Қызығушылық танытқан бітірушілер келісім шарттардың ережелерімен танысты.