«Ақпараттық қоғам және жастар» атты жаратылыстану, әлеуметтік – гуманитарлық ғылымдар бойынша жас ғалымдар мен студенттердің VII ғылыми – тәжірибелік конференциясы

2018 жылдың  9-10 сәуір аралығында ОҚМПУ – де өткен «Ақпараттық қоғам және жастар» атты жаратылыстану, әлеуметтік – гуманитарлық ғылымдар бойынша жас ғалымдар мен студенттердің VII ғылыми – тәжірибелік конференциясында академиямыздың намысын 2 студент қорғап шықты.  Әлеуметтік – гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті Мұхаметкәрім Ертаевтың жетекшілігімен  202 ФӨТ тобының студенті Мүсірепова Айжан «Қазіргі кезеңдегі жастар арасында  өмір сапасының жаңа өлшемдерінің қалыптасуының  әлеуметтік жай-күйі» атты тақырыбында  баяндама жасап,  І дәрежелі дипломға ие болды, 201 ҚДС тобының студенті  Сейтбекова Мадина «Оңтүстік Қазақстандағы аралас некелердің социологиялық зерттелуі мәселелері» жөніндегі баяндамасы алғыс хатпен марапатталды. 

Ғылыми жетекшіні және студенттерімізді шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыстар тілейміз!

1108 1

1108 2

13.04.2018, 07:40
426 қаралым