9 желтоқсан Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай факультеттер арасында ұйымдастырылған «Adil soz, adal is» атты сүрет байқауы өтті.
2024 жылдың 6 желтоқсан күні ОҚМА Комплаенс-офицер Пернебаев Нұрғали Алиханович пен Жастар саясаты бөлімінің ұйымдастыруымен студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында 9 желтоқсан Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай факультеттер арасында «Adil soz, adal is» атты сүрет байқауы өтті. Әділқазы алқаларының құрамында Оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор Анартаева Мария Уласбековна, Оқу-әдістемелік орталығының басшысы Долтаева Бибігуль Зайдуллаевна,Комплаенс-офицер Пернебаев Нұрғали Алиханович, Интернатура және түлектерді жұмысқа орналастыру деканатының деканы Кемельбеков Қанатжан Сауханбекұлы, Тіркеу офисінің басшысы Сыздыкова Саулет Акмурзаевна болды.
Байқау қорытындысы бойынша 1 орын Халықаралық факультеті GULIA JAGRITI В-ЖМША-21-21,KHAN SHAGUFTA В-ЖМША-15-21,SABA RAFIQ KHANUM В-ЖМША-29-21 , 2 орын Халықаралық факультеті AALIYA RASOOL В-ЖМША-13-21, SARAH KHALID В-ЖМША-16-21, PATIL ABHIDNYA MAHENDRA В-ЖМША-04-21 ,3 орын Халықаралық факультет KHUTHEIBAM FATIMA CHOUDHURY ВM-МША-01-22,KHAN SHABI ВM-МША-01-22, PATIL SANCHITA PRASHANT ВM-МША-01-22 топтарының студенттері иеленді.