№8 ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫНДА ӨТКІЗІЛГЕН КОНФЕРЕНЦИЯ
23.11.2023 ж. Шымкент қаласының №8 Шымкент қалалық емханасында "Шұғыл медицина және мейіргер ісі" кафедрасының қызметкерлері, ғылыми-педагогикалық бағыттағы "Мейіргер ісі" білім беру бағдарламасының 1 курс және 2 курс магистранттары және студенттері "Тәжірибені дамытудағы коллаборация, инновация және перспективалық бағыт" тақырыбында конференция өткізді.
Кафедра меңгерушісі м.ғ.к., доцент А.А.Сейдахметова алғы сөзінде қазіргі жағдайда тәжірибенің дамытудағы коллабарацияның маңызды орын алатынын және пәнаралық тәжірибеге бағдарлану басым болып табылатынын атап өтті, олар кешенді ғылым дамуының қазіргі инновациялары мен тәжірибе сұраныстарына сәйкес келетін білімі мен құзыреттілігі бар мамандарды даярлауда перспективалық бағыты қамтамасыз етеді. Коллабрация, инновация және перспективалық бағыт тәжірибедегі ғылым мен білімнің дамуын қамтамасыз етеді.
В-МІКқБ-01-23 (10 ай) тобының студенттері Ж.К. Есенгелдиева, Ж.К., А.Ш. Асатиллаева "Мейіргерлердің теориялық және тәжірибелік даму инновациясы" атты баяндама жасады. 1 курс және 2 курс магистранттары рөлдік ойынды - «Стационарда мейіргерлер арасында болған түсінбеушілік жағдайы» воркшоп көрсетті. В-МІКқБ-02-23 (10 ай) тобының студенті Абдыхаимов Серикболсын – «Мейіргер ісіндегі тәжірбиені дамытудағы коллаборация» туралы баяндады. ММІҚ-01-22 тобының магистранттары Д.М.Кеңесбек, І.А. Омархан – қатысушыларға мейіргер ісі бойынша сергіту «сұрақ-жауап» викторинасын ұйымдастырды. В-МІКқА-02-23 (10 ай) тобының студенті Г.Н. Турдалиева «Қызылша кезіндегі мейіргер ісінің тәжірбиесіндегі перспективалық бағыты» атты баяндама жасады. Барлық залды тарта отырып, флешмобты оқытушылар ұйымдастырды.
Іс-шараға қонақ ретінде шақырылған медицина факультетінің деканы І.Ж.Сагтаганов және оқу-әдістемелік орталықтың әдістемелік бөлімінің әдіскері Г.С.Алдабергенова өзекті мәселелер талқыланғаны жайлы және қызықты конференция өткізілгені үшін алғыс білдірді.