7 сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күні
7 сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күні - Дүниежүзілік денсаулық ұйымының (бұдан әрі - ДДҰ) құрылған күнінен бастап аталып келеді. Қазақстан медицина жастары ұйымының республикалық денсаулық күні мерекесі аясында ұйымдастырған челленджін Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы қабыл алып, арбат орталығында қаламыздың жастарын салауатты өмір салтын ұстануға шақыру мақсатында дене шынықтыру уақытын ұйымдастырды. Дүние жүзілік денсаулық күні өз денсаулығына ғана емес, айналасындағыларға да қамқорлық жасау керектігін ойлауы үшін өткізіледі.
Жыл сайын Дүниежүзілік денсаулық күні планетаның денсаулық сақтау саласындағы жаһандық мәселелерге арналады және әртүрлі ұрандармен өтеді. Іс-шараға дене шынықтыру кафедрасының оқытушылары мен 50-ге жуық студенттер белсене қатысты.