7-сәуір «Деніңіз сау болсын!» акциясы
Дүниежүзілік денсаулық күні 1948 жылдың 7 сәуірінен бері жыл сайын атап өтіледі. Жыл сайын 1950 жылдан бері Денсаулық күнін атап өту дәстүрге айналды.
Бұл науқанды қолдау мақсатында 2018 жылдың 6 сәуір күні МО «Ай-Нұры» клиникалық базасында «Акушерлік және гинекологиялық курсымен АМСЖ-2» (ОҚМА) кафедрасының меңгерушісі м.ғ.д., профессор м.а. Г.Н.Досыбаеваның ұйымдастыруымен денсаулық күніне орай «Деніңіз сау болсын!» атты іс-шара өткізілді. Іс-шара шеңберінде «Флешмоб жаттығу түрінде» атты билік-спорттық флешмоб кафедраның профессор-оқытушылар құрамы мен ЖТД 620-625 топ интерндері (тренер Кашкинбаева Айдана ЖТД 618 топ интерні) қатысуымен, сонымен қатар фармакология кафедрасының ПОҚ мен дерматология және инфекциялық аурулар кафедрасының интерндерінің қатысуымен өткізілді. ОҚМА жастар ұйымы комитеті флешмоб қатысушылары мен тұрғылықты мекен-жай тұрғындарымен концерт өткізді.
Досыбаева Г.Н. – Бұл акция мақсаты ересектер мен балалар, студенттер назарын салауатты өмір сүру салтын ұстануға шақыру. Әр күні таңертең таңертеңгілік жаттығумен бастау керек! Барлық адамдар зиянды әрекетті ойларын ойдан алып тастауы керек.