7 мамыр – Отан Қорғаушы Күні

 

Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасында осы жылдың 4-6 мамыр аралығында Қазақстандағы Отан қорғаушылар күніне арналған тәлімгерлік сағаттары өткізілді.

Бұл айтулы мерекені атап өту қазақстандық жауынгерлердің жаңа дәстүріне айналды. Бұл күні қазақстандықтардың батырлық ерліктері мен дәстүрлі Отанды қорғау борышымен сипаттас келеді.

 

539 1

 

Кафедраның аға тәлімгері А.Ш. Қарақұлова өз сөзінде бұл мерекенің пайда болу тарихы туралы айтып өтті: 1992 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақ Ұлттық қарулы күштерін құру (Қазақстан Армиясын құру) туралы үкімге қол қойды.

Тәлімгерлік топ студенттері мазмұнды баяндамалар дайындап, видеопрезентация түрінде біздің отандастарымыздың ерлігі, әр кезеңдегі әскери әндері туралы мәлімдеп, олардың Отанға деген сүйіспеншілігі мен патриоттық рухта тәрбиелеудегі мәнінің жоғары екендігін атап өтті.

Отан қорғаушылар күні Қазақстан Президенті әскери қызметкерлерге дәстүрге айналған кезекті әскери атақтары мен наградаларын тапсырады. Сонымен бірге, бұл күні әскери қызметке еңбегі сіңген офицерлер кезекті атақтарын алып, ескерткіш мадақтаулар және медальдармен марапатталады. 

Қазақстанның ең жоғары халықаралық стандарттарға жауап беретін соғысқа қабілетті және заманауи армия жасақтауға ұмтылып отырғандығын ерекше атап өткен жөн.

Тәлімгерлер алдағы келе жатқан айтулы мерекелермен іс-шараға қатысқан барлық қатысушыларды құттықтап, оларға денсаулық, бақыт және табыс тіледі!

 

06.05.2015, 06:21
446 қаралым