5В110200-Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиада
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2021 жылдың 26-28 сәуірінде «Қоғамдық денсаулық сақтау» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттеріне арналған республикалық студенттік пәндік олимпиада өткізілді, оған Қазақстан Республикасының 7 медициналық ЖОО қатысты.
Олимпиада 2 кезеңде өткізілді: 1-кезең онлайн-тестілеу, 2 – кезең-кейстік тапсырмаларды шешу. 2-ші кезеңде қатысушыларға ZOOM платформасында онлайн режимде қолданыстағы негізгі заңнамалық нормативтік құжаттарды білуге арналған кейс-тапсырмаларды орындау ұсынылды.
Біздің академиядан «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 4 курс студенттері қатысты. ҚазҰУ комиссиясының шешімі бойынша үшінші орынды Мырзабай Айман Саматқызы иеленді. Айманды шын жүректен құттықтаймыз және болашақта білім жолында сәттілік тілейміз!
