5 маусым күні өтетін референдум арқылы Конституцияға енгелі отырған өзгерістер

2022 жылдың 26 мамыр күні Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы кіші мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Парламент мәжілісінің депутаты Бекжанов Берік Айдарбекұлымен кездесу өтті. Кездесуге академия қызметкерлері қатысты.

Ісшараны академия ректоры, профессор М.Рысбеков ашып беріп, келген қонақтармен таныстырды. Сөз кезегін алған ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Бекжанов Берік Айдарбекұлы: «5 маусымда Қазақстанның болашағын айқындайтын жалпыхалықтық дауыс беру арқылы тарихи шешімдер қабылданады. Ел тағдырына бей-жай қарамайтын әрбір адам өз таңдауын жасап, осы науқанға атсалысуы керек» деп айтып өтті.

Жиынның соңы сұрақ-жауапқа ұласты. Оқытушылар Парламент мәжіліс депутатына түрлі бағыттардан өздерін толғандырып жүрген сұрақтарды қойды. Мәжіліс депутаты қойылған сұрақтарға орнықты жауап берді.

Жиыннан соң ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының әлеуетімен танысып шықты. Студенттер емтихан тапсырып отырған тестілеу орталығын, оқыту симуляциялық орталықты аралап, онда орналастырылған заманауи медициналық тренажерлермен, құрал-жабдықтармен танысып таңданысын жасырмады, академия ұжымының алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

26.05.2022, 18:21
484 қаралым