№ 5 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығындағы қайырымдылық іс-шара
2024 жылдың 12 сәуір күні «Гигиена және эпидемиология» кафедрасының аға оқытушысы Л.О. Байконсова мен Әлеуметтік мәселелер және жастар саясатының ұйымдастыруымен, сонымен қатар «Еріктілер лигасы», «Бірлесу» ұлттар достығы ұйымының білім алушыларының, кафедра доценттері Бейсембаева З.И.; Ескерова С.У. және кураторлық тобы Б-ЖМҚБ-01-21 қатысуымен, Шымкент қалалық, № 5 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты: мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсету, олардың көңіл-күйін көтеру, сондай-ақ студенттерді әлеуметтік маңызы бар іс-шараларға тарту. Іс-шарада, ОҚМА-ның «Жалпы медицина», «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы», «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығының білім алушылары өз өнерлерін көрсетті. Орталықта ем алушы мүмкіндігі шектеулі жандар арасында ойындар ұйымдастырылып, жеңімпаздарға және барлық қатысушыларға сыйлықтар таратылды. Мерекелік кеш академияның белсенді жастарының «Сен сұлу» әніне дайындаған хорымен аяқталды. Іс-шара соңында, орталық басшысы Шардарбекова Перизат Сәдібекқызы мен орталықта ем алушылар ризашылығын білдіріп, алғыстарын айтты.