30 қаңтар 2025 жылы Жастар ресурстық орталығында шетелдік студенттерге арналған түсіндірме жұмыстары өтті
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының (ОҚМА) Халықаралық факультетінде білім алатын 1-5 курс аралығындағы алыс шетелдік студенттер үшін бірнеше маңызды тақырыпта ақпараттық-түсіндірме кездесулер ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында:
• Шымкент қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция майоры Карбеков Бауыржан Қанатұлы есірткіге қарсы күрес бойынша өзекті мәселелерді қозғап, студенттерге алдын алу шаралары туралы маңызды ақпарат берді.
• Шымкент қаласы Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция подполковнигі Медетбеков Мейіржан Мейманбекұлы көші-қон заңнамалары мен ережелері туралы, шетелдік студенттердің ҚР заңнамаларын қатаң сақтап, құрметпен қарауы жөнінде ақпарат берді.
• Шымкент қаласының Орта сапа бақылау басқармасы Газ инспекциясы бөлімінің басшысы Хуршидова Эльмира жалдамалы пәтерде тұратын шетелдік студенттерге тұрмыстық газды қолдану кезіндегі қауіпсіздік ережелерін егжей-тегжейлі түсіндірді.
Бұл кездесулер шетелдік студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және қалада бейімделуін жеңілдетуге бағытталды. Игі бастамалар студенттер тарапынан жоғары бағаланды.
