27.03.2024 Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы мен Сайрам колледжінін арасындағы мемарандумға келісім қою сәтті өтті
«Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ пен «Сайрам» колледжі арасындағы ынтымақтастыққа қол қойылды. Мемарандумға «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ ректоры, профессор, медицина ғылымдарының докторы Рысбеков Мырзабек Мырзашевич пен «Сайрам» колледжінің директоры PhD-доктор Баймагамбетова Жанара Амирхановна қол қойды.
Мақсаты:
- Бірлескен әдістемелік конференциялар, семинарлар өткізу арқылы жетекші профессорларды «Сайрам» колледжі үшін жоғары білікті педагог кадрларды қалыптастыру
- Оқу үдерісімен (ғылыми жобалардың бір бөлігі) тығыз байланыста медицина ғылымы мен денсаулық сақтаудың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған ғылыми зерттеулер жүргізу
- Мерзімді басылымдардың (журналдар, медициналық газеттер) жазылуымен медицинаның әртүрлі салаларында ғылыми-медициналық кітапхананың, электрондық кітапхананың бірлескен базасын құру;
- Біліктілікті арттырудың әртүрлі нысандарын өткізуге жәрдемдесу; диагностикалық іс-шараларды трансляциялаумен конференциялар, консультациялар ұйымдастыру арқылы медицина ғылымы мен практикасының жетістіктерін насихаттау;
- Жетекші отандық және шетелдік ғалымдар мен мамандардың қатысуымен конференциялар, симпозиумдар өткізу;
- «Сайрам» колледжінің студенттеріне симуляциялық орталыққа еркін қол жеткізу