25-қазан Республика күніне арналған «Менің Отаным-Қазақ елі» атты тәлімгерлік сағаттар
25-қазан Республика күні қарсаңында «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының тәлімгерлері мен оқытушылары «Менің Отаным-Қазақ елі» атты тәлімгерлік сағатттарын өтті.
Мақсаты: Білім алушыларды өз Отанын сүюге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт - дәстүрін, Республика күні яғни 25 қазан - мемлекеттік мереке күнін сезініп, қастерлейтін саналы да парасатты азамат тәрбиелеу.
Республика күні - бұл еліміздің мемлекеттілігі жолындағы алғашқы тарихи қадам.
1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі тәуелсіз Қазақстанның бірінші құқықтық құжаты - Республиканың егемендігі туралы декларацияны қабылдап, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негізін жариялады.
2022 жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күнін қайтаруды ұсынды. Мемлекет басшысы оған "ұлттық мереке" мәртебесін беріп, Қазақстанның басты мейрамы ретінде атап өту туралы бастама көтерді. Президенттің бастамасы халықтың қолдауына ие болып, дәл сол жылы заңға тиісті өзгеріс енгізілді. Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек екені айтылды.
Кафедра тәлімгерлері доцент м.а. Г.С.Айдарбекова, доцент м.а. М.У.Турадилов, аға оқытушылар Л.Т.Махатова мен А.Ж.Ибраимова өз топтарында тәлімгерлік сағаттарын «Менің Қазақстаным» атты Мемлекеттік Әнұранын орындаумен бастады. Тәлімгерлік сағаттар презентация және студенттердің сөз сөйлеу форматында жүргізілді. Тәуелсіз Қазақстанның тарихы мен дамуы, сондай-ақ елімізде Республика күнін тойлаудың бастауы туралы ақпараттар берілді.
Республика күніне арналған тәлімгерлік сағаттар барысында өнерлі студенттер патриоттық ән, би, күйлерін орындады.
Кафедра оқытушылары өз сабақтарында Республика күнінің ұлттық мәртебесін талқылап, айтулы күннің демократиялық, құқықтық мемлекет ретінде ел дамуында маңызды тарихи рөл алғанын атап көрсетті. Бүгінгі қазақ жастарының бойында ұлтжандылықты арттыру үшін тарихқа деген сүйіспеншіліктерін күшейту маңызды. Сол сияқты Республика күнін санамызды жаңғыртумен қатар, ұлтқа деген құрметімізді, білімге, ғылымға деген ынтамызды арттыруға тиіс екендігіміз міндет.