25 қазан - Республика күніне арналған кездесу
2023 жылдың 17 қазан күні ОҚМА үлкен мәжіліс залында Шымкент қаласы прокуратурасының бастамасымен "25 қазан - Республика күні" мерекесі қарсаңында академия студенттерімен кездесу ұйымдастырылды. Іс шараны модератор Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының басшысы Е.Сәлім ашып, келген қонақтарды таныстырып, кездесу мақсатын айтып өтіп, келген қонақтарға сөз кезегін берді. Кездесуге Шымкент қаласы прокурорының аға көмекшісі Қалдыбаев Қайсар Тілеубердіұлы, Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының "Ақпарат және қоғамдық даму бөлімінің" басшысы Сейтжапбаров Мұхтар Сейдахметұлы, Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты бөлімінің қызметкерлері, декандар мен студенттер қатысты. Шымкент қаласы прокурорының аға көмекшісі Қалдыбаев Қайсар Тілеубердіұлы аталып жатқан Республика күні мерекесінің маңыздылығы мен тарихын студент жастарға түсінідіріп өтті. Келесі кезекте сөз алған Сейтжапбаров Мұхтар Сейдахметұлы студент жастармен қалада ұйымдастырылып жатқан шаралар, тәрбиелік маңызды жұмыстар жөніндегі ақпаратпен бөлісті. Сонымен қатар, шарада «Синтетикалық есірткі зардабы - алапат» тақырыбында ақпарат беріліп, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық мәселесіне тоқталып, бұл бағытта қылмыстық құқық бұзушылықты алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, прокураторумен атқарылып жатқан жұмыстар жайлы айтып өтті. Студенттердің құқықтық сауаттылығын көтеру мақсатында заңнама талаптары да түсіндіріліп, сұрақтарға жауаптар берілді.
Кездесу барысында қалалық прокуратура мен білім басқармасымен бірлесе отырып «Менің өмірімді қайталама» атты қысқа метражды бейнеролик көрсетілді. Бейнероликте нақты бір тұлғаның тағдыры көрсетіліп, есірткіні тұтынудың түбі абақтыға алып келгендігі жайлы бейнеленген.
Іс шараны қорытындылаған Шымкент қаласы прокурорының аға көмекшісі Қайсар Тілеубердіұлы студенттерді зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырды.