25 қазан «Республика күні» мерекесі
2023 жылдың 23 қазан күні ОҚМА үлкен мәжіліс залында Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастырумен 25 қазан «Республика күніне» орай салтанатты іс-шарасы өтті.
Республика күні араға 14 жыл салып қайта оралды. 25 қазанда елдің түкпір-түкпірінде барша халық ұлттық мейрамды тойлайды деп алғашқы құттықтау сөз кезегімен бастаған ОҚМА АҚ ректоры М.Рысбеков іс шараны ашып беріп, академия ұжымын мерекемен құттықтады. Ұжым қызметкерлерін ҚР Денсаулық сақтау министрі А.Ғинияттың марапатымен және «ОҚМА» АҚ дара құрылтайшысы С.Сейтжановтың алғыс хаттарымен марапаттады.
Мерекелер күнтізбесіне енген 25 қазан кездейсоқ таңдалған жоқ. Дәл сол күні 1990 жылы "Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы" декларация қабылданды. Бұл еліміздің тәуелсіздік алуына жол ашқан құжат болатын. Өз алдына дербес ел ретінде шекарасын шегендеп, рәміздерін белгілеп, мемлекеттік құжаттарын рәсімдеді. Қазақстан өзін жеке Республика ретінде ресми мәлімдеді. Сондықтан да 25 қазан - Республика күнінің тарихи маңызы жоғары.
Ары қарай Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Ибраимова Ақмарал баяндама жасап 25 қазан «Республика күнінің» тарихы мен маңызына тоқталып өтті.
Мереке соңы академиямыздың белсенді студенттері дайындаған концерттік бағдарламаға ұласып, ОҚМА ұжымына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.