25 қазан «Республика күні» мерекесі

2022 жылдың 21 қазан күні ОҚМА үлкен мәжіліс залында
Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастырумен 25 қазан «Республика күніне» орай салтанатты іс-шарасы өтті. Іс-шараның басында кітапхана қызметкерлері тарапынан «Қыран елім-Қазақстан» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Биылдан бастап «25 қазан-Республика күні» ұлттық мереке ретінде қайтып оралды. Нақтырақ айтқанда, 1990 жылы 25 қазанда Тәуелсіз Республика декларациясы қабылданған мейрам күні деп алғашқы құттықтау сөз кезегімен бастаған ОҚМА ректоры М.Рысбеков іс шараны ашып беріп,  академия ұжымын мерекемен құттықтады. 

Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Ибраимова Ақмарал баяндама жасап  25 қазан «Республика күні» болып жариялану себебінің тарихы мен маңызына тоқталып өтті.   
Мереке соңы  академиямыздың белсенді студенттері дайындаған концерттік бағдарламаға ұласып, ОҚМА ұжымына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

22.10.2022, 11:14
439 қаралым