24 наурыз - Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен 1993 жылдан бастап туберкулез жаһандық проблема болып жарияланды. Содан бері, жыл сайын 24 наурыз Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні аталып өтедi.
Қазіргі адамзат ұрпағына төніп тұрған мәселенің түйінін ашу. Туберкулез сияқты аурудың пайда болуын, қоғамға, адамға осы аурудың зардабын түсіндіру, ашып көрсету. Тазалыққа, ұқыптылыққа, жауапкершiлiкке тәрбиелеу.Осы мақсатта «Гигиена және эпидемиология» кафедрасы білім алушылармен, Облыстық туберкулезге қарсы диспансер және Шымкент қаласының санитариялық - эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметкерлерімен бірігіп «Біз туберкулезді жеңеміз» деп аталатын флешмоб ұйымдастырды.

29.03.2023, 17:50
459 қаралым