24 НАУРЫЗ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТУБЕРКУЛЕЗБЕН КҮРЕС КҮНІ

1091 1

Алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем кафедрасы қалалық, облыстық көлемде өткізілетін профилактикалық шараларға үнемі қатысып келеді. Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні қарсаңында кафедра ұжымы медицина ғылымдарының кандидаты, доцент м.а. В.К. Махатова және Е.Қуандықовтың ұйымдастыруымен №2 мектепте алдын-алу жұмыстарын жүргізді. Шымкент қаласындағы үш тілде оқытатын №2 мамандандырылған мектеп-интернатының директоры С.К.Толтебаев, завуч Қарымбаева Н.А., медбике А.Ж. Утебаеваның ықпал етуімен оқушылар арасында  алдын алу, насихат жұмысы жүргізілді. Туберкулездің этиологиялық мәселелері, басты факторлары, негізгі клиникалық көріністер, диагностика, профилактикалық шаралар туралы ақпарат берілді. Іс-шара ЖТД-722 топ интерндерінің қатысуымен өтті. Болашақта мұндай алдын алу жұмыстары басқа да әлеуметтік маңызды аурулар бойынша жүргізіліп жалғасын табатын болады.

1091 2

1091 4

26.03.2018, 07:52
403 қаралым