21 наурыз Ынтымақ күні

2024 жылдың 19 наурыз күні сағат 12:00-де, Түркістан көшесі 10, №6 ғимарат, №213 дәрісханасында «Әлеуметтік-гуманитралық пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен 21 наурыз – Ынтымақ күні мерекесіне орай концерттік іс-шара өткізді.
«Әлеуметтік-гуманитаралық пәндер» кафедрасының меңгерушісі Аширов Шадияр Алдиярұлы алғы сөзді алып, келген қонақтарды таныстырды.
Келген қонақтар: Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері:
1. Орталық Азия Инновациялық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Гурбанова Арзу Арифовна.
2. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің философия ғылымдарының кандидаты, доцент Корганова Саида Султановна
Сонымен қатар, концерттік іс-шараға «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының меңгерушісі Нұржанбаева Жанат Оралбайқызы. «Инженерлік пәндер» кафедрасының меңгерушісі Орымбетова Гульбаги Эмитовна қатысты.
Іс-шараның мақсаты мен міндеттері:
Мақсаты:
Ынтымақ күніне арналған іс-шара арқылы университет ішіндегі ұлттар арасындағы достықты, келісім мен бірлікті нығайту, студенттер мен оқытушылардың мәдениетаралық байланыстарын күшейту.
Міндеттері:
- Қазақстандағы этносаралық келісім мен ынтымақтастықты дәріптеу.
- Қатысушыларды түрлі мәдениеттер мен дәстүрлермен таныстыру.
- Жастарды ұлттар арасындағы достық пен келісімге шақыру.
- Студенттер мен оқытушылардың арасындағы ынтымақтастықты арттыру.
- Ынтымақ күніне арналған құттықтау сөздер мен баяндамалар айтылды.
Концерт бағдарламасы басталды, онда түрлі ұлттардың мәдениетін көрсететін музыкалық және би композициялары орындалды.
- Студенттер мен оқытушылар ұсынған өнер нөмірлері көрсетілді (әндер, билер, ұлттық аспаптарда ойнау).
- Ұлттар арасындағы ынтымақ пен бірлікке арналған шығармашылық көрсетілімдер болды (көрініс, қыз ұзату салты).
Концерттік іс-шара соңында «Әлеуметтік-гуманитралық пәндер» кафедрасының «Ынтымақ ағашы» идеясы жасалынып, келген қонақтар, қатысушылар ағаштың «жапырағы» ретінде қағазға өзінің ынтымақтастық туралы пікірін немесе тілек-құттықтауын жазып, оны ағашқа ілді. Бұл шара арқылы ынтымақты нығайту және әр адамның осы күнге қатысты тілегін білуге болады. Осылайша, «Ынтымақ ағашы» арқылы студенттер мен оқытушылар өзара қолдау көрсетіп, бірлік пен ынтымақтың маңыздылығын тәжірибе жүзінде көрсетті.
Ынтымақ күніне арналған концерттік іс-шара жоғары деңгейде өтті. Бұл іс-шараның нәтижесінде студенттер мен оқытушылар арасында бірлік пен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам жасалды. Сонымен қатар, ұлттар арасындағы достықты көрсететін мәдени шаралар мен іс-шараларды жиі өткізу ұсынылды.
--

21.03.2025, 15:24
169 қаралым