21.10 2022 "Клиникалық ортопедиялық стоматология мәселелері" конференциясы
2022 жылғы 21 қазан күні сағат 10.00-да ОҚМА бас ғимаратының акт залында Ташкент Мемлекеттік стоматологиялық институтының "Госпитальдық ортопедиялық стоматология" кафедрасының меңгерушісі профессор Н.Л. Хабилов және профессор М. Т. Сафаровтың қатысуымен "Клиникалық ортопедиялық стоматология мәселелері" тақырыбында конференция өтеді.
Күн тәртібінде :
1. "Стоматологиялық ауруларды емдеудің ортопедиялық әдістері. Тіс протездерінің тұрақты конструкцияларын дайындаудың клиникалық-зертханалық кезеңдері.» тақырыбында лекция оқылады
2. «Протездеудің барлық кезеңдерінде мүмкін болатын қателіктер мен асқынулар.» тақырыбындағы клиникалық жағдай қарастырылады.
3. "Отандық (Өзбекстан) тіс имплантатын әзірлеу. Клиникалық ортопедиялық стоматологиядағы аппараттық диагностика әдістері және оның ортопед-стоматолог жұмысындағы маңызы.» тақырыбында шеберлік сыныбы өтеді.