2023 жылғы 6-8 желтоқсан аралығында «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ жас ғалымдар мен студенттердің алғашқы халықаралық форумын өткізеді

Жас ғалымдар форумы - бұл әртүрлі елдердің ғылыми қызметкерлері, ғалымдары мен білім алушылары арасында білім, дағды, тәжірибе алмасуға бағытталған коммуникациялық алаң.
Форумның басты мақсаты - әлемнің түкпір-түкпірінен келген жас ғалымдардың ғылыми жетістіктерімен алмасу үшін платформа құру, жас зерттеушілерді алаңдататын ең өзекті мәселелерді талқылау және жастар арасында ғылыми білімнің таралуына ықпал ету.


Форум аясында келесі іс-шаралар өтеді:
1. «Биология, медицина және фармацияның даму перспективалары» атты жас ғалымдар мен студенттердің X-шы халықаралық ғылыми конференциясы.
2. Хирургиялық пәндер бойынша бірінші халықаралық олимпиада.
3. Ғылыми жобалар байқауы.


Байланыс деректері:
- Конференция бойынша: 87074144819 (Тұрсынәлі Ақерке Жаңабайқызы)
- Олимпиада бойынша: 87076526969 (Дүйсебеков Мұрат Тауфикұлы)
- Үздік ғылыми жобаға конкурс бойынша: 87472623253 (Болатова Диляфруз Ганикызы).

 

⇒ АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

24.11.2023, 17:22
481 қаралым