«1916ж ұлт-азаттық қозғалысқа 100жыл»

2016ж. 11 қазанда «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен «1916ж ұлт-азаттық қозғалысқа 100 жыл» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге Шымкент қаласының №5 колледж оқытушысы Нұрышева Роза кітапхананың мерзімді басылым бөлімінің қызметкері Қуанышбекова Еркежан, т.ғ.к., доцент М.А.Жанысбеков, т.ғ.к., доцент  м.а Ғ.С.Айдарбекова, т.ғ.к., доцент м.а., Н.А.Абдурахманов, аға оқытушы Б.О.Нуркулова, аға оқытушы А.Беккулова және фармацевтикалық факультеттің 2-курс студенттері қатысты.

831 1

Фармацевтикалық факультеттің 2-курс студенттері Аманбай Аяулым және Орынбек Әселхан презентация жасады. Олар 1916ж ұлт-азаттық қозғалыстың  себеп-салдары, барысы және ұлт зиялыларының сол кездегі қызметі жайлы кеңінен баяндап берді. 

831 2

Пікірталасқа  М.А.Жанысбеков, Ғ.С.Айдарбекова, Н.А.Абдурахманов, Б.О.Нуркулова, Р.Нұрышева белсенді қатысып, өз ойларын ортаға салды. Кітапхана қызметкері Қуанышбекова Е. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс тақырыбында көрме ұйымдастырып, онымен таныстырды. Студенттер белсенді қатысты.

13.10.2016, 23:08
371 қаралым