19 маусым - Шымкент қаласының «Қала күні»: «Шымкент: кеше және бүгін»

19.06.2023ж. «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен ОҚМА кіші мәжіліс залында қала күніне орай «Шымкент: кеше және бүгін» атты пікірталас ұйымдастырылды. Пікіртталаста кафедра профессор- оқытушылары Ш. Аширов, М.Жанысбеков, М. Ертаев баяндама жасады. Баяндамадағы құнды деректер - пікірталастың негізгі арқауына айналды. Пікірталасқа ОҚМА «Әлеуметтік мәселелер және жастар ісі жөніндегі басқарма басшысы Ербол Қалтұрсынұлы Сәлім мен Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты, Әлеуметтік қорғау, мәдени даму және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Салиев Бахтияр Рустембекұлы қатысып, қаламыздың болашақ дамуы туралы пікірлерімен бөлісті.

22.06.2023, 09:34
383 қаралым