17 қараша - Халықаралық студенттер күні!

2021 жылдың 17-қараша күні ОҚМА үлкен мәжіліс залында Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасы мен студенттік кәсіподақтың ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай «17-қараша Халықаралық студенттер күніне» орай концерттік бағдарлама өткізілді.

Іс-шараны Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының басшысы Е.Сәлім ашып беріп, студенттік жылдар әр адамның өміріндегі ең жарқын, қызықты және ең бақытты жылдар болып табылатынын атап өтіп, студенттерді құттықтап, оқуда табыс, ұмытылмас әсер, сәттілік тіледі. Сондай ақ белсенділік танытқан 25 студентке ректордың алғыс хатын және эстрада жұлдызы Қуандық Рахымның концертіне билеттер табыстады. Ары қарай құттықтау сөзді жалпы медицина факультетінің деканы Долтаева Б.З жалғастырды.

Іс шара академия белсенділерінің мерекеге орай ұйымдастырылған концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Студенттік кәсіподақ ұйымы атынан жатақхана студенттеріне азық-түлік себеттері таратылды.

18.11.2021, 19:12
606 қаралым